Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Мешіт құрылысымен танысты

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 10.09.2021 2797 0 пікір
Алматы: Мешіт құрылысымен танысты

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Алатау ауданында бой көтеріп жатқан мешіттің құрылыс барысымен танысты.

Бас имам мешіт құрылысын аралап көріп, құлшылық ордасының жоспарға сәйкес салынуы мен жай-күйіне қанықты.    
 
Қала архитектурасына ерекше келбет беретін құлшылық үйі 7 мыңнан астам адам сиятындай етіп жоспарланған. Мешіттің жалпы аумағы – 16 мың шаршы метр. Мұнараның ұзындығы 50 метрге дейін жетеді. Ғимараттың ішінде әкімшілік пен техникалық блоктардан бөлек, ислам кітапханасы бар.

Сонымен қатар құлшылық рәсімін өткізу залдары қарастырылған. Мешіт жеке кәсіпкердің есебінен тұрғызылып жатыр. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру