Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Жазғы сауат ашу курсы ұйымдастырылды

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 05.08.2021 2517 0 пікір
БҚО: Жазғы сауат ашу курсы ұйымдастырылды

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мұсылмандар мешіті жанындағы сауат ашу орталығында 9-13 жас аралығындағы ер балаларға арналған сауат ашу курсы ұйымдастырылды.

Курс 28 маусым мен 11 шілде аралығында өтті. Онда балаларға Құран оқып үйрену және шариғат сабақтарынан дәрістер өтіп, діни сауаттарын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізілді. Дәрістерді аудандық мешіттің қызметкері Бауыржан Серікұлы мен Орал қалалық медресе шәкірті Мақсат Сәлімұлы өткізді.

Сонымен қатар мешіт ауласында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жаттықтырушыларының жетекшілігімен спорттық және эстафеталық ойындар өткізіліп, балаларды салауатты өмір салтын сақтауға баулыды. Курс барысында жасөспірімдер аудан орталығындағы «Жайлау» ат спорты кешеніне барып қайтты. Кешен жаттықтырушысы Бейбіт Аронов келушілерді кешен ішімен, ат әбзелдерімен таныстырып, ат ерттеуді, атқа мінуді үйретті. Аударыспақ, садақ атуды үйретіп, балалардың ұлттық спортқа деген қызығушылығын оятуға тырысты.

Содан соң «Балдаурен» жазғы демалыс лагері жанынан құрылған қаңқалы модульдік бассейнге шомылуға барған балаларды лагерь қызметкерлері қарсы алып, жүзу, су ішінде өзін-өзі қорғау, батып бара жатқан жағдайда бір-біріне көмектесуге үйретті. Оқу барысында аудан тұрғындарының демеушілігімен балаларға бір мезгіл тамақ берілді. Спортсүйер мешіт жамағаты балаларға мешіттің логотипі салынған жейделерді сыйға тартты. Курс соңында дәріс алушылардан емтихан алынып, курстан өткендігін растайтын сертификаттар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру