Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Он күнде 6 баспана берілді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 05.08.2021 2344 0 пікір
Түркістан: Он күнде 6 баспана берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Түркістан облысында он күнде 6 баспана берілді.

Атап айтқанда Шардарада - 1, Түркістан қаласында - 3, Созақта - 1, Жетісайда - 1 отбасы баспаналы болды.

Ерекше атап өтетіні, Түркістан қаласындағы үш үй де жаңадан салынды. Ал Жетісай ауданында баспана имамға берілсе, қалған бес үй мұқтаж отбасыларға тарту етілді.

Имамдар «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 339, 440, 441, 442, 443 және 446-баспанаға демеушілік жасап, мұқтаждарды қуантқан жомарт жандарға, ерікті жамағатқа ризашылығын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру