Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Ихсан – тұлға тәрбиесінің тұнығы»

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 04.08.2021 2295 0 пікір
Ақтөбе: «Ихсан – тұлға тәрбиесінің тұнығы»

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен Жастар секторы мен жамағатына «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы таныстырылды.

Шара барысында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамдары Шынболат Үмбетов пен Мұхтар Қосжанов: «Ихсан – тұлға тәрбиесінің тұнығы. Атап айтқанда, тәрбиеге қатысты сан сауалдың нақты жауабы қамтылған бұл еңбек – Бас мүфтидің бастамасымен жарық көрген кітап аз уақыт ішінде көпшіліктің қолдауына ие болған бірегей туынды» дей келе, жаңа кітаптың қоғам үшін маңыздылығын түсіндіріп, мазмұны мен негізгі бөлімдеріне шолу жасап, жиналған қауымға түсіндіріп өтті.

Іс-шарадан кейін жамағаттың жаңа еңбекпен етене танысуы үшін «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының бірнеше данасы ғибадат үйіндегі кітап сөрелеріне қойылды. Еске сала кетсек, ҚМДБ жанындағы «Muftiyat» баспасынан жарық көрген бұл танымдық кітап еліміздің түкпір-түкпіріне 10 мың данамен таралды. Сонымен қатар әр өңірде аталған кітапты көпшілікке кеңінен түсіндіру іс-шаралары жүзеге асуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру