Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы насихатталды

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 04.08.2021 1862 0 пікір
Павлодар: «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы насихатталды

Павлодар облысының орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының танытымы өтті.

Іс-шараға облысқа қарасты қала, аудан мешітінің имамдары толық қатысты. Бас имам Жолдас Қоспақұлы аталмыш еңбектің «Жаратушы Аллаға ихсан», «Тұлғалық ихсан», «Ихсан және қоғам» сынды тарауларға бөлініп, Ислам ғұламаларының ихсан ілімі жайлы ой-толғамдары берілгені туралы нақтылап айта келе, бұл ілім алдағы уақытта біздің жастардың жан азығына, еліміздегі мұсылман қауымының рухани шамшырағына айналуы тиіс екенін, еңбекпен толық танысып, оны өз бойына сіңіріп, бұқара халықтың діни білімін осы еңбектің аясында арттыруға атсалысу имамдардың басты міндеттерінің бірі екендігін тілге тиек етті.

Аталмыш кітап қала, аудан мешіттері арқылы кітапханаларға жеткізілуде, сонымен қатар бұл еңбек мешіт имамдары мен ұстаздарының уағыз-насихатына басты құрал болатыны анық.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру