Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Аудан имамы дихандармен дидарласты

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 04.08.2021 2099 0 пікір
ШҚО: Аудан имамы дихандармен дидарласты

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы Ақсуат ауылдық «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Құсманұлы егін шаруашылығымен айналысып отырған дихандармен дидарласты.

Бас имам егістіктерді аралап, биылғы жаз маусымының қуаңшылық болғандығын жеткізе келе, өкілдіктің нұсқауымен аудан көлеміндегі бірқатар мешіттерде тасаттық беріліп, дұға жасалып, соның арқасында біршама жауын-шашын болғандығын атап өтті.

Айдын Құсманұлы: «Адал еңбекте рыздық бар. Маңдай термен еңбек ету, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету аса сауапты істердің қатарына жатады. Күн-түн демей еңбек етіп жүрген дихандарымызға Алла жар болсын» дей келе, дихандардың халын сұрай келгенін айтып өтті.

Жаз бойы тынымысыз еңбектеніп жатқан дихандар картоп, сәбіз, қырыққабат, қауын-қарбыз секілді өнімдерін сатылымға щығарады және жыл сайын аудандық мешіт арқылы қайырымдылыққа таратады. Дихандар аудан имамына ризашылық білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру