Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы таныстырылды

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі qyzyljarmeshit.kz 04.08.2021 1830 0 пікір
СҚО: «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы таныстырылды

Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының танытымы өтті.

Салтанатты жиынға өңірдің бас имамы Кенжетай Байкемелұлы бастаған қала және облыс имамдары қатысты.

Бұл еңбекте Ислам ғұламаларының ихсан ілімі жайлы ой-толғамдары жазылған. Кітапта әрбір адамға аса қажет көркем мінезді қалыптастыру жөнінде баяндалған.

«Ихсан» – адамзатты тура жолға бастайтын, жат ағымға ілесуден сақтайтын ілім. Сондай-ақ, ізгілік пен адалдықты насихаттап, әрбір істі ынта-жігермен атқаруға баулиды. Сондықтан бұл кітаптың оқырман қауымға берері мол» деді бас имам Кенжетай Байкемелұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру