Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Жазғы сауат ашу курсы қорытындыланды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 03.08.2021 2652 0 пікір
Ақтөбе: Жазғы сауат ашу курсы қорытындыланды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жазғы сауат ашу курсы қорытындыланды.

Екі айға созылған курстың қорытынды іс-шарасында Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы діни сауат ашудың маңыздылығына тоқталып, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп өсірген ата-аналарға алғыс айтты.

Өскелең ұрпақтың жан дүниесін байытып, рухани азық алуына жол ашатын сауат ашу курсында мектеп жасындағы 55 ұл және қыз бала дәріс алды. Құран әліппесін үйреніп, Құранды өз бетімен оқитын дәрежеге жеткен 8 шәкіртке Құран кітабы сыйға беріліп, сертификат табысталды.

Нәтижелі білім көрсеткішін көрсеткен 17 балаға сертификат табысталып, қалғандары алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, курсқа қатысқан барлық 55 оқушыға алдағы күз мезгіліндегі оқу жылына орай оқу құралдары таратылды.

Артынша мешіт асханасында мерекелік дастархан жайылып, ата-аналар мен ұстаздардың қатысуымен берекелі отырыс болды.

Дастархан басында балалар өздерінің жаттаған дұға-баталарын, діни өлең-жырларын айтып, жеткен жетістіктерін көрсетті.

Сауат ашу кезінде балалар арасында «Жан азығын жинаған жаз» атты Эссе жазудан сайыс өткізілген болатын. Сайыс қорытындысы бойынша мазмұнды да баянды эссе жазған үздік 6 балаға сыйлықтар мен алғыс хат табысталды.

Іс-шараға қатысқан шәкірттердің ата-аналары жылы лебіздерін білдіріп, «Нұр Ғасыр» мешітінің имадары мен ұстаздарына алғысын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру