Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ ҚҰРБАН АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 20.07.2021 623 0 пікір
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ ҚҰРБАН АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақ елін Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

«Баршаңызды келіп жеткен Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын.

Құрбан айт – дүйім мұсылман әлемі жұмыла тойлайтын ұлық мереке. Бұл, құрбандық шалу арқылы – дұға оқып имандылыққа шақыратын, мұқтаж жандарға қол ұшын беру арқылы – қайырымдылыққа үндейтін ізгілікті амал. Тәуелсіздіктің арқасында халықпен қайта қауышқан мейрам осы 30 жыл ішінде елді рухани татулық пен берекеге біріктіретін дәстүріміздің ажырамас бөлігіне айналды.

Өкінішке орай, биыл да Құрбан айт екінші жыл қатарынан пандемияға байланысты карантин талаптары жағдайында келіп тұр.

Ең бастысы жасаған амалдарыңыз, шалған құрбандарыңыз, оқыған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Келер жылғы Құрбан айтты дәстүрлі жағдайда қарсы алуды бұйыртсын деп тілейік және ол үшін қауіпті індетті жеңу жолында сақтық шараларына бағынып, төзімділік танытайық. Көпұлтты халқымыздың бірлігі нығайып, ынтымағы арта берсін.

Құрбан айт құтты болсын!» делінген құттықтауда.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі