Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Республикалық Құран жарысына іріктеу өтті

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 19.07.2021 2158 0 пікір
Түркістан: Республикалық Құран жарысына іріктеу өтті

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық орталық мешітінде Жұмаділлә Садықұлын еске алуға арналған Құран жарысы өтті.

Ашылу салтанатында ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы құттықтау сөз сөйлеп, Бас мүфтидің сәлемін жеткізді. Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов демеушілерге ризашылығын білдіріп, жас қариларға сәттілік тіледі.

Облыстық іріктеуге 4 номинация бойынша 42 үміткер қатысты. Жүлде қоры 1 млн. теңгені құрады.

Х Республикалық Құран жарысына Ниғматуллах Абдазимов, Исламнури Игілік, Әбілқайыр Жұбан және Еркінбек Мұсабек жолдама жеңіп алды. Үміткерлердің ең жасы 7 жаста болды. Сайысқа Серік Ахметов, Мұхаммед-Жүніс Мамийяұлы, Абдунаим Тоқназаров қазылық етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру