Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Қасапшылыққа қатысты семинар өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 19.07.2021 383 0 пікір
Шымкент: Қасапшылыққа қатысты семинар өтті

Құрбан айт мерекесіне орай  «Халал Дамудың» Шымкент қаласындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» семинар өтті.

Семинар жұмысына Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы, наиб имамдар Мұхамеджан Естеміров, Мұсабек Ақтамберді, «Халал Дамудың» бақылаушы өкілі Қазыбек Сарыбаев және аудан имамдары қатысты.

Алдымен Қазыбек Сарыбаев атқарылған жұмыстар туралы айта келе халал өнімдері туралы арнайы дәріс оқыды.

Жалпы семинар барысында халал өнімдерін насихаттау, халал сертификатын алу, бақылау және мал сою, қасапшылық мәселелері төңірегінде кеңінен атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі