Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚҰРБАН АЙТ: БАС ИМАМДАР БРИФИНГ ӨТКІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 19.07.2021 3397 0 пікір
ҚҰРБАН АЙТ: БАС ИМАМДАР БРИФИНГ ӨТКІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ-ға қарасты 19 өкілдіктің бас имамдары жергілікті баспасөз өкілдерімен жүздесіп, брифинг өткізді.

Барлық бас имам ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елдегі пандемия жағдайына байланысты іске қосылған Qurban2021.kz сайтымен таныстырып, айт намазының оқылуына қатысты пікірлерін білдірді. Індеттің күшеюіне байланысты өкінішке қарай еліміздің бірқатар аймағында биыл да айт намазы оқылмайын деп тұр.

Бас имамдар өкілдік қызметкерлерінің Құрбан айтқа дайын екенін және бірқатар атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Еске салайық, 15 шілде күні Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айт намазының оқылуы мен құрбан шалуға қатысты ҚМДБ-ның аймақтардағы өкіл имамдары жергілікті бас санитарлық дәрігерлермен бірлесіп, арнайы брифингтер өткізетінін мәлімдеген болатын.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру