Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Медресе шәкірттері емтихан тапсырды

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 23.06.2021 2450 0 пікір
Павлодар: Медресе шәкірттері емтихан тапсырды

Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің бітіруші шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды.

Шәкірттер бұған дейін «Қазақстан тарихы» пәнінен сынақтан өткен болса, бүгін Құран, фиқһ, араб тілі пәндерінен білім деңгейін байқап көрді.

Аталмыш емтиханды ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев, Павлодар облысының бас имамы Жолдас Бертымұратов, «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің директоры Н.Омаров және ұстаздао Есімбек Совет, Арман Қайыргелді қабылдады.

Биылғы емтиханға қатысқан 8 түлектің барлығы да үздік нәтиже көрсетті.

Бірер күндерде диплом алып, ілім деген аманатты арқалап үлкен өмірге қадам басатын түлектерге Алла Тағала алдағы жолдарын ашсын деп тілейміз!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру