Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талғар: 100 отбасыға айттық қоржыны таратылды

Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі islamkaz.kz 16.05.2021 2657 0 пікір
Талғар: 100 отбасыға айттық қоржыны таратылды

Алматы аймағы өкілдігіне қарасты жуырда ғана ашылған «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешітінде Ораза айт мерекесіне орай қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Мешіт ауласында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 100 отбасыға айттық қоржындары таратылды. Талғар ауданының имамы Қажымұхан Қамбарұлының ұйымдастыруымен өткен игі шарада жалғыз басты аналар, көпбалалы отбасылар қамтылды.

Мешіттерден ұдайы жәрдем алып тұратын отбасылар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ерекше бастамасына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Естеріңізде болса, жақында ғана Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Алматы облысы, Талғар ауданында «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешіті ашылған болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру