ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Қарағанды облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен ерекше іс-шара өтті. Игі шараны Қарағанды қалалық «әл-Машани», «Қазыбек би» мешітінің ұстаздары өткізді.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Құран Кәрімді оқып, онымен амал етер болса, қиямет күні ата-анасының басына тәж кигізіледі. Оның нұры дүниедегі күн сәулесінен де жарық болады» деген болатын. Алла елшісінің (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы хадисін негізге ала отырып Құран оқуды мақсат тұтқан 12 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге және олардың аналарына тәж кигізу рәсімі өтті.
Шара қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, ақ жаулықты әжелеріміздің ақ батасын алып, ұстаздардың әсерлі уағыздарымен жалғасты. Берекелі шара барысында аталған мешітұстаздары Бақытгүл Айтқалиқызы, Гүлжазира Ақназарова және Карина Тапина шараға келген қонақтарға әсерлі уағыз-насихат айтып, сұрақтарға жауап берді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру