Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орал: Айт мерекесіндегі қайырымдылық

БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі 15.05.2021 1910 0 пікір
Орал: Айт мерекесіндегі қайырымдылық

Ораза айт мерекесіне орай 105 отбасына арнап азық-түлік салынған қоржын таратылды.

Тәжіден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінің бас имамы Руслан Сұлтановтың ұйымдастыруымен және мешіт жамағатының қолдауымен  мұқтаж отбасыларға азық-түлік (ұн, май, шәй, күріш, қант, тұз, ет, макарон өнімдері, тәттілер, құрма, картоп, пияз, сәбіз т.б) салынған «Ораза айт сыйы» таратылып, жеткізілді.

Айт мерекесінде қайырымдылық шараларға қолдау көрсеткен барша азаматтарға Алла Тағала разы болсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру