Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Құс фабрикасына халал сертификаты берілді

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 15.05.2021 2434 0 пікір
Павлодар: Құс фабрикасына халал сертификаты берілді

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы және «Халал Даму» өкілі Серік Темірғалиев, маманы Қазыбек Какеновтер «Turkey PVL» ЖШС «Индейка Павлодарская» құс фабрикасында болды.

Олар аталмыш кәсіпорынның директорына «Мал бауыздау және ет өңдеу 1:2016 және 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай» болуына орай 000532 нөмірлі тіркеу куәлігін табыс етті.

«Талғампаз тұтынушылардың талабына сай халалға деген сұраныс күн сайын артуда. сондықтан біз үшін кәсіпорынның санының көбеюімен қатар, біз үшін сапа, өнімнің адалдығы, тазалығы маңызды. Сіздерге берілген халал сертификат – сіз бен біздің абыройымыз мен жауапкершілігіміз,адалдықтың таңбасына деген сенімнің көрінісі. Біздің жұмысымыз сертификат табыстаумен аяқталмайды, алдағы уақытта міндетті бақылау, тексеру шаралары өтіп тұрады» деді бас имам.

Құс фабрикасы Павлодар ауданы, Шақат ауылында орналасқан. Аталмыш кәсіпорынның өнімдері қаладағы бірнеше ірі сауда орындарында сатылады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру