Түркістан облысында «Берекелі Рамазан керуені» марафоны аясында түрлі қайырымдылық іс-шаралары жалғасып келеді.
Рамазанның соңғы күндерінде мыңдаған отбасыға азық-түлік жеткізілді. Мешіттерден ауызашар қоржыны күнделікті таратылып жатыр.
Облыстық өкілдік пен «Тұяқбай ата» мешітінің жамағаты, сондай-ақ белсенді азаматтардың атсалысуымен кеше 1100 адамға ауызашар берілді. Олардың басым көпшілігі – студенттер.
Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов демеушілерге ризашылығын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру