Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда аналарға айрықша құрмет көрсетілді (Видео)

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 07.05.2021 2423 0 пікір
Атырауда аналарға айрықша құрмет көрсетілді (Видео)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және орталық «Иманғали» мешітінің 20 жылдығына орай Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы ақ жаулықты аналармен кездесіп, құрмет көрсетті.

Карантин талаптарын сақтай отырып, шағын құрамда өткен кездесу барысында «Иманғали» мешіті ашылғалы бері, дінімізді, дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуде әр кез имамдардың жанынан табылып, мешіттің ішкі, сыртқы ұйымдастыру жұмыстарына белсене атсалысып келген аналарға Бас имам алғыс айтты.

«Қазақта «Жаяудың үні шықпас, жалғыздың шаңы шықпас» деген тамаша мақал бар. Осынау Тәуелсіздік жылдарында ислам дінімен, ділімізбен, тілімізбен, дәстүрімізбен қайта қауышып жатсақ, бұл жалғыз сала мамандарының ғана емес, өздеріңіздей ел үшін, Отан үшін аянбай тер төгіп жүрген тілеулестерімізбен бірге жеткен жетістік. Дінімізде өрлеу, даму бар. Ана тіліміз тұғырына қонып, дәстүріміз, ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып келеді. Бұл ортақ жеңіс» деген Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жиналғандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, естелік сыйлықтарды табыс етті.

Еске сала кетелік, кездесуге қатысқандар арасында орталық «Иманғали» мешіті жанындағы «Әжелер академиясының» мүшелері, қажы аналар бар.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру