Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Халал Даму» мамандары – «Курочка Ряба» құс фабрикасында

halaldamu.kz 07.05.2021 2951 0 пікір
«Халал Даму» мамандары – «Курочка Ряба» құс фабрикасында

«QMDB halal» сертификатын алған барлық кәсіпорындарда басшылықтың бақылауы, өңірлік жауапты өкілдер мен мамандардың тікелей қатысуымен кезекті және кезектен тыс тексеріс жүргізіліп, өндірілетін өнімнің талапқа сәйкестігі немесе стандартқа сай болмауы секілді анықталған нәтижелер тұтынушылар назарына ұсынылып отырады. Осы жолғы бақылау-қадағалау шаралары «Курочка Ряба» құс фабрикасында өтті. 

«Қазақстанда өнеркәсіптік құс өсіру қазіргі кезде мал шаруашылығының неғұрлым дамыған салаларының бірі. Республикада құс етін өндіру көлемі бірте-бірте ұлғайып келеді. Алайда, шариғат және халал стандарт талаптарына сай өндірісін айналдырған құс фабрикалар саны саусақпен санарлық.  Қазіргі таңда «Халал Дамудың» бақылауында 20-ға жуық құс фабрикалары бар. «Халал» таңбасының жүгі мен жауапкершілігін түсінгендіктен, өзіміз сертификаттаған кәсіпорындарда ай сайын аудит шараларын жүргізіп тұрамыз. Бүгінгі бақылау-қадағалауды Ақмола облысы Целиноград ауданы, Ақмол ауылында орналасқан, күніге 40 мың бас құсты қолмен  бауыздайтын, бройлерлік құс еті мен шұжық өнімдерін өндіретін «Курочка Ряба» құс фабрикасында өткіздік. Себебі, «Курочка ряба» еліміздің солтүстік өңірін құс еті  өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған, ірі құс фабрикасының бірі. Аудит шараларын орындап қана қоймай, қасапшылар мен құс фабриканың өзге де қызметкерлеріне халал турасында оқу-семинар шаралары өткізілді", – дейді айлық тексеріске қатысқан «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы. 

Аудит нәтижесі бойынша акт толтырған Данияр Сафиев: «Тексеріс барысында құстарды баптап-өсіруде қолданылатын жем-азықтың тазалығы, қасапшылардың шариғат және стандарт талаптарына сай құсты қолмен бауыздауы, шұжық цехындағы өндірістің бекітілген талаптарға сәйкестігі қадағаланды. Қасапханада 5 қасапшы халал стандарт талаптарына сай құсты қолмен бауыздайды. Конвейрде айналуы 3 минут 47 секунд, сулы ванна температуарсы (ошпарка) 51/53 градус аралығында. Құс жемі ретінде арнайы Германиядан тасымалданатын таза азық қолданылады. Кәсіпорында құс етін дайындаумен қатар шұжық өнімін өндіретін цехы да тексерістен өткізілді. Әрине, шұжық өнімдері де халал стандартына сай өндірілуде. Шұжық дайындауда қолданылатын барлық шикізат көздері өз өндірісінің өнімдері. Тек тағамдық қоспалары ғана шетелден жеткізіледі», -  деп тексеріс қорытындысы оң нәтижие көрсеткендігін мәлімдеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру