Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: «60 секунд» интеллектуалды сайысы өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 06.05.2021 2068 0 пікір
Қызылорда: «60 секунд» интеллектуалды сайысы өтті

ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің Жастар ісі секторы мен облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «60 секунд» инттеллектуалды жарысы өтті.

Шараның мақсаты – инттеллектуалды ойындар көмегімен жастар арасында кітап оқудың маңыздылығын насихаттау, кітап оқуға деген ынтаны арттыру, тығыз кәсіптік және жеке қарым-қатынасты нығайту, белсенді жастарды анықтау.

Сол жағалаудағы Жастар ғимаратында ұйымдастырылған сайыста мешіт жамағаты мен қаланың белсенді жастарынан құралған топтар Ілияс Есенберлиннің «Алтын орда» романының бірінші кітабы бойынша білімін ортаға салып, бақ сынасты.

Сайыс нәтижесіне сәйкес, «Кітап құрттары», «Нұр-Әли», «Ыбырайым молда» командалары жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды қанжығаға байлап, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру