Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: 500 келі шәй үлестірілді

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 06.05.2021 1963 0 пікір
Қарағанды: 500 келі шәй үлестірілді

Қарағанды облысына қарасты Шахан кентіндегі «Салкен молла» мешітінде Ыбрайымбек Көшербай атаның рухына бағышталған игі шара жүзеге асты. Жергілікті көмекке мұқтаж жандарға 500 келі шәй үлестірілді.

Алла Тағала Құранда: «Сендер адамдардың арасынан шығарылған қайырлы үмбет болдыңдар» («Әли Имран» сүресі, 110-аят) деп, мұсылмандарды жақсылық жаршылары ретінде сипаттап, ұдайы жақсылық жасауға шақырған. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жылы сөз де садақа», – деген болатын. Исламды қайырымдылық пен мейірімділік, жақсылықтан тыс қарастыру мүмкін емес. Жақсылық жасау адамның күнәларының өтемі саналады. Сондықтан мұсылман баласы ұдайы жақсылық жасаудың соңында жүреді.

Осындай берекелі һәм сауапты істі жүзеге асыруға атсалысқан жамағат пен жомарт жандарға «Сәлкен молла» мешітінің имамы Сырымхан Мейрамбекұлы өзінің алғысы мен ризашылығын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру