Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: 22 300 адамға қайырымдылық жасалды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 06.05.2021 2333 0 пікір
Шымкент: 22 300 адамға қайырымдылық жасалды

Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Рамазан қоржыны» және «Ауызашар себеті» атты қайырымдылық шаралары жалғасын табуда.

Қасиетті Рамазан айының екінші онкүндігінде жасалған қайырымдылық шараларының қорытындысы бойынша жалпы 22 300 адамға азық-түлік қоржыны мен ауызашар себеті үлестірілді.

Дәлірек айтқанда, қаладағы 22 мешіт тарапынан 15 600 адамға «Ауызашар себеті» үлестірілсе, ал жалпы мешіттер мен өзге де кәсіпкерлер тарапынан  6 700 отбасыға азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» таратылды.

Айта кетсек,  игі шараларда ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының қаладағы өкілдігі мен ҚМДБ Жастар ісі секторының өкілдері ерікті түрде қызмет етіп келеді.

Іс-шаралар туралы жергілікті «Айғақ», «Оңтүстік», «Отырар», «Нар тв» телеарналары, «Оңтүстік» радиосы және газет-журналдар тілшілері, блогерлер ақпарат таратты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру