Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак ректоры кубогының жеңімпазы анықталды

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі nmu.kz 04.05.2021 2516 0 пікір
Нұр-Мүбарак ректоры кубогының жеңімпазы анықталды

Нұр-Мүбарак  университетінің ұжымы арасында университеттің 20 жылдығы құрметіне футболдан «Ректор кубогы» өтті.

Тартысты додаға 4 команда қатысып, бақ сынады. Қос елдің әнұранымен басталған тартысты бәйгенің барысын Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, спорт шебері Айдар Иманбаев  проректор, PhD доктор Қайрат Құрманбаевқа баяндап, проректор өз кезегінде жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ал ректор, профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди сайысты ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, қасиетті Рамазан айындағы керемет кездесуге сәттілік тілеп, жарысқа қатысушының әрбірі жеңімпаз деп ризалығын жеткізді.

Сонымен 4 команда арасындағы достық ойын өте қызықты әрі тартысты өткенімен, университет ректоратының командасы жеңіске жетті. Жеңімпаз команда ауыспалы ректор кубогымен қатар ақшалай сыйақыға ие болды. Ұжымдағы ынтымақтастықты арттыра түскен мұндай шаралар болашақта да жалғасын таппақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру