Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Мешіт ауласына 100 түп тал егілді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 04.05.2021 465 0 пікір
Қарағанды: Мешіт ауласына 100 түп тал егілді

Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Дініміз бойынша да ағаш пен жеміс ағашын егу – сауапты амал.

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің ауласына 100 түп тал егіліп, көгалдандыру жұмысы жүзеге асты. Игі шараны мешіт имамы Жанболат Қошкелді бастап, барлық дін қызметкерлері мен мешіт жамағаты атсалысты. 

Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Өйткені жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы жайқалған дараққа айналады. Жазда сая, қыста қамсау болады. Мешіт имамы көктемнің жаймашуақ күндерінде тал егіп, мешіт айналасын ажарландыруға үлес қосқан барша жамағатқа алғыс білдіріп, бата берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі