Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: Тайынша ауданында 374-баспана берілді

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі qyzyljarmeshit.kz 02.05.2021 2859 0 пікір
СҚО: Тайынша ауданында 374-баспана берілді

ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы өкілдігі, «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасының кезекті игі іс-шарасы өтті.

СҚО-дағы «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері Қасымхан Аблоллаұлы мен Тойбазар Айтуған Тайынша ауданындағы көмекке мұқтаж отбасыға 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Сауапты іске аудандық мешіттің имамдары мен жанашыр жамағаты атсалысқанын айта кеткен жөн.

«Бұл – еліміз бойынша беріліп отырған 374-ші баспана. Мұндай қайырымдылық шарасы Қазақстан бойынша ұйымдастырылып келе жатыр. Демеушілік көрсеткен жомарт жандарға, осы игі іс-шараға ұйытқы болған аудан имамдарына Алла разы болсын!» деді зекет өкілдері.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру