Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕРТЕҢНЕН БАСТАП АЛМАТЫ МЕШІТТЕРІНІҢ АУЛАСЫНДА ЖҰМА НАМАЗЫ ОҚЫЛАДЫ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 29.04.2021 8001 0 пікір
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП АЛМАТЫ МЕШІТТЕРІНІҢ АУЛАСЫНДА ЖҰМА НАМАЗЫ ОҚЫЛАДЫ

Алматы қаласының бас мемлекеттік Санитариялық дәрігері Ж.Бекшиннің 23.04.2021ж. №16 Қаулысында Діни нысандардың жұмысына қатысты: «Жеке және ұжымдық құдайға құлшылық етуге (Жұма намаздары, жексенбі қызметтері) тек діни объектілер аумағында (ашық ауада) толтырылуы 50%-дан және ұзақтығы 60 минуттан артық емес, әлеуметтік қашықтықты 1,5 метрден кем емес және маскалық режимді қатаң сақтай отырып, тиісті белгілерді орнатқанда ғана рұқсат етіледі», – деп көрсетілді. 

Осыған орай, Алматы қаласы бас санитарының және ҚМДБ-ның Жұма намазы оқылатын мешіттерге қойған талаптары негізінде төмендегі шарттарды орындауды сұраймыз.

Алматы қаласы мешіттерінің ауласында жұма намазын өтуге қойылатын талаптар: 

1. Жұма намазын мешіт аумағында (ашық ауада) оқу; 

2. Жамағаттың мешіт ауласында намаз оқуына жағдай жасау, антисептиктер, маскалар қою; 

3. Мешітке міндетті түрде, бетперде тағып келу; 

4. Дәретті барынша үйден алып келу; 

5. Намаз оқитын жайнамаздарын үйден алып келу;

6. Мешіт аумағында белгілі арақашықтықты сақтау, бір-бірімен қол алыспау; 

7. Намаз оқығанда арақашықтық 1,5 метрден жақын болмау, намазды арнайы белгіленген орында оқу; 

8. Мешіт аумағында ұзақ уақыт қалмау; 

9. Дене қызуы 37°-дан жоғары, сондай-ақ тұмау және басқа да ауру белгілері бар адамдардың мешітке келмеуі; 

10. Жасы 65-тен асқан қариялардың, балалар мен әйел кісілердің мешітке келмегені дұрыс.

11. Күнделікті мешіт ішіне және ауласына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру