Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Салттық қызмет көрсету жөнінде жиын өтті

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 16.04.2021 2031 0 пікір
Павлодар: Салттық қызмет көрсету жөнінде жиын өтті

Жақында ғана ресми қызметін бастаған ҚМДБ-ға қарасты «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығында жаназа және жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында іс-шаралар бастау алды.

Павлодар өңірінде бұл бастамаларды насихаттау мақсатында алғашқы басқосу жиыны өткізілді. Қалалық «Ақмешіт» мешітінде өткізілген жиынға Павлодар қаласына қарасты барлық мешіт имамдары, наиб имамдары, ұстаздары, қызметші молдаларымен қатар жерлеу және жаназа рәсімдеріне жауапты діни қызметкерлер қатысты.  

Жиында облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы «Qamqor-Sharapat» орталығында жасалып жатқан игі бастамаларды дін қызметкерлеріне таныстырды. Орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің базасында  осындай  орталық ашылғаны және оның бастау алған қызметі жайлы сөз қозғады. Сондай-ақ ҚМДБ-ның «Зират және зиярат мәдениеті» құжатына сай жерлеу тәртібін кеңінен талдап түсіндірді.

Өкіл имам діни қызметшілерге алдағы қасиетті Рамазан айында өтетін басқосуларда халыққа  орталықтың мақсатын  насихаттауды тапсырды. Жиын соңында дін қызметкерлері өздерінің сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру