Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Лисаков мешітіне көлік сыйлады

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 16.04.2021 2313 0 пікір
Қостанай: Лисаков мешітіне көлік сыйлады

Қостанай облысы Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешіті 2017 жылы ашылып, жамағаттың игілігіне берілген болатын. Сол уақыттан бері жаңа мешіт мұсылман қауымның бас қосатын қасиетті орнына айналып, түрлі қайырымдылық іс-шараларына ұйытқы болып жатыр.

Енді міне, көпке үлгі боларлық игі іс мешітке жасалды. Қасиетті Рамазан айында қала әкімі Исмагулов Алмат Ерікұлы мешітке арнайы келіп, жиылған жамағатпен кездесті. Сонымен қатар демеушілердің көмегімен мешітке «Шевроле нексия» жаңа автокөлігін сыйға тартты.

Айта кетейік, бұған дейін мешіт иелігінде «Ваз 2106» автокөлігі болған. Алайда ол көліктің тозығы жетіп жөндеуге келмей, мешіт қызметкерлері барлық игі іс-шараларды жаяу атқаратын немесе сырттан көлік жалдайтын. Осындай игі іске атсалысқан азаматтарға Алла Тағала екі дүние бақытын нәсіп еткей!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру