Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Зекет парызы насихатталды

Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі ihsan.kz 16.04.2021 2435 0 пікір
Қарағанды: Зекет парызы насихатталды

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадистерінде зекеттің Ислам дінінің ең басты парызының бірі екенін баса айтып өткен.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Садақа ешбір малды кемітпейді. Алла біреуге кешірім жасаған пендесінің абыройын асырады. Кімде-кім Алла үшін кішіпейіл болса, Алла оның дәрежесін көтереді» (Мүслім).

Алла Тағала берген мал-мүліктің зекетін, садақасын беру әрбір мұсылман үшін міндетті іс саналады. Мұсылманның осы бес парызының бірі – зекетті насихаттау үшін ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысындағы жауапты өкілі Мұхит Жаримбетов және қайырымдылық жұмыстары жөніндегі жауапты маман Мирас Ерланұлы арнайы қызметтік іс-сапармен Қарқаралы ауданына ат басын бұрды.

Облыстық «Әнет баба» мешітінен арнайы келген мамандарды «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Құбылайханов қарсы алды. Сапар барысында жергілікті кәсіпкерлер мен мал шаруашылығы жетекшілерімен жүздесіп, базарлар мен дүкендерді, басқа да нысандарды аралап, зекет парызын насихаттау мақсатында кітапшалар мен бүктемелер таратты. Бұл кітапшаларда зекет жайлы мәліметтер, нисап мөлшері, реквизиттер, сұрақ-жауапқа арналған электронды пошта мен байланыс нөмірі көрсетілген.

Сондай-ақ игі сапар барысында Қарқаралы ауданындағы көмекке мұқтаж, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған 30 отбасына азық-түлік үлестірілді. Сауапты қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларға жергілікті халық алғысын айтып, ризашылық білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру