Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: 200 отбасыға ауызашар қоржыны берілді

БҚО бойынша баспасөз қызметі 15.04.2021 3139 0 пікір
БҚО: 200 отбасыға ауызашар қоржыны берілді

Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Ақжайық өңірінде елдегі ахуалға байланысты 200-ден астам отбасыға ауызашар қоржыны таратылды.

ҚМДБ БҚО бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен және жамағатымыздың демеуімен қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бастап Орал қаласындағы ораза ұстаған жандарға ауызашарлар жеткізілді.

Алғашқы күні «Орал» орталық мешітінің наиб имамы, «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі өкілі Самат Әлібаев ораза ұстаған жандарға арнайы барып, ауызашар қоржынының табыстап, қасиетті Рамазан айымен құттықтап, Бас мүфтидің сәлемін жеткізіп, ораза жайлы уағыз айтып, дұға жасады.

Рамазан айы құтты болсын! Ораза қабыл болсын! 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру