Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы өңірі: Имам ауданның құрметті азаматы атанды

Алматы өңірлік өкілдігінің баспасөз қызметі 15.04.2021 2422 0 пікір
Алматы өңірі: Имам ауданның құрметті азаматы атанды

Қасиетті Рамазан айында Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылдық «Сәт» мешітінің бас имамы Сейтқали қажы Есімбекұлына Қарасай аудандық мәслихат шешімімен «Қарасай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Салтанатты жиынға Алматы өңірінің өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы арнайы қатысып, жиналған қауымға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қасиетті Рамазан айына байланысты құттықтау сәлемін жеткізіп, Қарғалы ауылдық «Сәт» мешітінің бас имамы Сейтқали қажы Есімбекұлының дін саласына атқарып отырған жетістіктерін сөзге тиек етті.

Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев имамға құрмет көрсетіп, осы уақытқа дейін абыройлы қызмет атқарған Сейтқали қажының еңбегін баяндап, кеудесіне төсбелгі тағып, үлкен марапатпен құттықтады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру