Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТЕМІРТАУ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНЕ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЕСІМІ БЕРІЛДІ

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 06.04.2021 635 0 пікір
ТЕМІРТАУ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНЕ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЕСІМІ БЕРІЛДІ

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы орталық мешітіне мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш көсемі, халқымыздың біртуар перзенті – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның есімі берілді.

«Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деп өзіне серт берген Алаш арысының есімі мешітке берілуінің тарихи себептері бар. Әлихан бабамыз қазақтың болашағы үшін аянбай еңбек етіп, Алаш партиясын құрды. Қазақ баласының білімді, парасатты болуын мақсат етіп, талай дарынның болашағына жол көрсеткен-ді. 

Бүгінде туғанына 155 жыл толған ел ардақтысының есімін иелену Теміртау орталық мешітіне бұйырды. Ал былтыр Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шешімімен ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойының аясында, Семей қаласының Суықбастау кентіндегі мешітке де Әлихан Бөкейханның есімі берілген еді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі