Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚТӨБЕДЕ «РАМАЗАН 2021» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 06.04.2021 3341 0 пікір
АҚТӨБЕДЕ «РАМАЗАН 2021» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде арнайы діни ақпарат беру орталығы (call-center) жұмысын бастап, «Рамазан 2021» мобильді қосымшасы іске қосылды.

Енді Ақтөбе қаласының кез келген тұрғыны Рамазан жайлы және өзін толғандырған діни мәселесі бойынша діни ақпарат орталығына хабарласып, толыққанды жауап ала алады. Ақпарат орталығының байланыс нөмірі – 8 702 777 59 03. Діни ақпарат орталығына хабарласу арқылы ораза, ораза кестесі, пітір садақа мөлшері, пітір садақаны онлайн форматта беру, ауызашар және басқа да мәселелерге қатысты жауап алуға мүмкіндік бар. Орталықта дін саласының білікті мамандары сізді мазалаған сұрақтарға жауап береді.

Сондай-ақ смартфон қолданушылар ұялы телефонына «Рамазан 2021» қосымшасын Play Market-тен жүктей алады. Бұл мобильді қосымшада «Оразаға қатысты 150 сұрақ-жауап», сәресі және ауызашар дұғасы, ораза және намаз кестесі, тарауих намазы, қадір түні, зекет және пітір садақасы, ораза айт және Рамазанға байланысты хадистер секілді құнды мәліметтер берілген.

Қосымшаны жүктеп алу үшін сілтемені басыңыз: https://play.google.com/store/apps/details?id=ramadan.nurgasyr.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру