Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Имамдарға жаңа пәтуалар таныстырылды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 06.04.2021 2450 0 пікір
Қарағанды: Имамдарға жаңа пәтуалар таныстырылды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Бауыржан Мейірбекұлы ҚМДБ-нан берілген арнайы тапсырмасы бойынша кеңес өткізді.

Жиында ҚМДБ Ғұламалар кеңесі бекіткен жаңа пәтуалар мен нұсқауларды облысқа қарасты дін қызметкерлеріне таныстырды. Атап айтқанда, «Баланы қамқорлыққа алудың үкімі қандай?»,«Екпе егуге бола ма?», «Төлем карталарын пайдалануға рұқсат па?» тақырыбындағы пәтуалар дін қызметкерлеріне толығымен таныстырылды.

Жиын соңында имамдар мен ұстаздар жаңа пәтуалармен танысты. Өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, сұрақтар бойынша тұшымды жауаптар алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру