Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай имамдары Рамазанға дайындықты пысықтады

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 06.04.2021 2122 0 пікір
Қостанай имамдары Рамазанға дайындықты пысықтады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдағы қасиетті Рамазан айына қатысты төралқа жиыны өткен соң Қостанай өкілдігі де осы тақырыпта басқосу өткізді.

Жиында Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы төралқадағы тапсырмалар бойынша алдағы уақытта Рамазанға дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар санитарлық талаптарды қатаң бақылап, тазалық шараларын өткізіп отыруды тапсырды. Қасиетті айда жамағат арасында Құранды көп оқып хатым жасау және салауаттар мен истиғфар дұғаларын оқуды кеңінен насихаттауды ұсынды.

Осы жиналыста әр бөлім бойынша тапсырмалар қорытындыланып, алдағы уақытта істелетін жұмыстар бойынша да тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, биылғы қасиетті Рамазан айының оразасы 13 сәуірден басталып 12 мамырға дейін жалғасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру