Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Төрт мешітте «Жолаушылар бөлмесі» ашылды

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 03.03.2021 611 0 пікір
Павлодар: Төрт мешітте «Жолаушылар бөлмесі» ашылды

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Павлодар облысына қарасты 4 мешітте «Жолаушылар бөлмесі» ашылды.

Аққулы аудандық «Ғабдул Уақит хазірет» мешіті, Ертіс аудандық «Ержан» мешіті, Тереңкөл ауданы Береговой аулының мешіті және Павлодарский ауылының «Қасым қажы» мешіттері күніне жүздеген жолаушылар әрі-бері ағылып жататын Семей-Омбы трассасы бойында және Ертіс дариясының келесі жағалауы арқылы Ресейге шығатын даңғыл жолдың бойында орналасқан.

«Мешіттерде ашылған «Жолаушылар бөлмесінде» жолаушылардың тынығып алуына барлық жағдай жасалған. Жолаушылар мешіттегі арнайы бөлмеге орналасып бір сәт тынығып, дәрет алып, сапар намазын оқып, ыстық шәй қайнатып ішіп немесе жеңіл сусын, жеңіл аспен тамақтанып, шаршауын басып, мүмкін аздап мызғып алып, ары қарай сапарын жалғасыра беруіне болады. Тіптен көлігі бұзылып далада қалып жатса түнеп кетуіне де болады. Мәселен, Ертіс ауданы мешітіндегі бөлме 3 адамға арналған. Мұндай ізгі шараларымыздың көптің көңілінен шығатыны кәміл» дейді облыс бас имамы Жолас Қоспақұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі