Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Мешітте «Жолаушы бөлмесі» ашылды

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 03.03.2021 2589 0 пікір
Шымкент: Мешітте «Жолаушы бөлмесі» ашылды

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының игі бастамасы аясында Шымкент орталық мешітінде «Жолаушылар бөлмесі» арнайы ашылды.

Игі бастаманың  ашылуына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам әрі Ихсан ілімі бағытының жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, қалалық іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, т.б. дін қызметкерлері қатысты.

Шымкент орталық мешіті тоғыз жолдың торабында орналасқан. Яғни, Нұр-Сұлтан-Шымкент-Ташкент, Алматы-Шымкент-Түркістан бағытында көлік қатынасы үздіксіз жұмыс істеп тұр. Бөлме жылу жүйесіне қосылған, барлық мүмкіндіктер (шәй, қант, нан және уақытын кітаптар, т.б.) қарастырылған.

Сондай-ақ Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының  айтуынша, алдағы күндері қаладағы үлкен маңызды жол бойында орналасқан 8 мешітте жолаушыларға арналған арнайы қызмет көрсету бөлмелері ашылады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру