Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: «Әйелдің әлемі әдемі» рухани кеші өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 03.03.2021 2555 0 пікір
Қарағанды: «Әйелдің әлемі әдемі» рухани кеші өтті

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің, «Әйел-қыздар» секторының және Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Әйелдің әлемі әдемі» атты рухани кеш өтті.

Шырайлы көктемнің алғашқы күні ұйымдастырылған шара Қарағанды шаһарындағы «Достық үйі» ғимаратында өтті. Семинар барысында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы уағыз-насихаты мен ыстық тілегін білдірді.

Шара барысында облыстық мешіттің ұстазы, «Әйел қыздар» секторының өңір бойынша жауапты өкілі Арай Серғалиқызы «Әйелдің рухани әлемі» атты баяндама оқыды. Сондай-ақ, Қарағанды қалалық «Әл Машани» және Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы «Әйелдің отбасылық әлемі» атты баяндама оқып, жиынға қатысушыларға әсерлі уағыз-насихатымен бөлісті.

Кешті Қарағаны қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Гүлжазира Ақназарова «Қыздар әлемі» атты тақырыпта жалғастырды. ҚХА жанындағы «Аналар кеңесінің төрайымының орынбасары «Талбесік» көп балалар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі «Қазіргі қоғамдағы әйел бейнесі» баяндамасын оқыды. Рухани кеш барысында облыстық Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншілері «Аяулы ана», «Айқаракөз», «Ана», «Ару ғұмыр» әндерін орындады. С.Сейфуллин атындағы театрдың әртістері және мешіт шәкірттерінің бірігуімен «Ене ақылы» атты комедия жанрындағы қойылымы орындалса, Ақұштап Бақтыгерееваның «Сіңліме сыр» монологы оқылды.

Рухани кешке құрметті қонақ ретіне келген ақ жаулықты әжелер мен аяулы аналарға, қыз-келіншіктерге викториналық ойындар мен сұрақтар қойылды, сыйлықтар үлестірілді.

Кеш соңында рухани кешке қатысқан барық әйелдер қауымына гүл шоқтары үлсетірілді. Берекелі шарадан әсер алған қонақтар қауымы өздерінің ыстық лебіздері мен алыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру