Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Мешіт жамағаты «Ақылдылар алаңында»

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 03.03.2021 2204 0 пікір
Қызылорда: Мешіт жамағаты «Ақылдылар алаңында»

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің Жастар ісі секторы және «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен қала мешіттерінің жамағаты арасында «Ақылдылар алаңы» атты интеллектуалдық білім сайысы өтті.

Білім алуды насихаттау, білімдерін шындауға ынталандыру, бірлікке шақыру мақсатында өткен жарыс 3 кезеңге созылып, мешіт шәкірттерінен құралған 12 топ ақида, фиқһ негіздері, сира, қосымша бейнесұрақтар бойынша білімдерін ортаға салды.

Облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамдары И.Қаюпов пен М.Өмірбеков, қалалық «Айтбай» мешітінің имамы Д.Құрманбаев төрелік еткен білім сайысында «Айтбай», «Ақмешіт-Сырдария», «Нұр» топтары І,ІІ,ІІІ жүлделі орындарға лайық деп танылды. Жеңімпаздар мен басқа да қатысушыларға қаржылай сыйлықтар табысталды.  

 
 
 
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру