Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Қыстың қиындығында қолдау көрсетті

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 03.03.2021 2015 0 пікір
Қостанай: Қыстың қиындығында қолдау көрсетті

ҚМДБ-ның Қостанай облыстық өкілдігі және «Зекет және қайырымдылық қорының» жауапты мамандарының жұмысы жыл басынан бері барынша жандана түсті.

Өңірде халыққа пайдасын тигізетін бірқатар маңызды жобалар қолға алынды. Мәселен, ақпан айында жүзеге асырылған шаралар көңіл қуантады. Аталмыш қор «Тайқазан» жобасы бойынша 106 отбасыға азық-түлік тапсырылды.

Одан бөлек ақпанның аяғына қарай боран күшейіп, қар көп жауды. Үскірік аяз тұрғындарға оңай соққан жоқ. Міне, осы жайлар ескеріліп, «Жылулық сыйла!» жобасына орай демеушілерден түскен қаражатқа алынған көмір-отын 10 отбасыға жеткізіліп берілді.

Сондай-ақ әлемді жайлаған дерт басталғалы бері облыстық мешіт пен қор қызметкерлері емдеу орындарына көмек көрсетуде. Мысалы, өткен айда облыстық ауруханаға «Үміт сыйла, өмірге!» жобасы бойынша 250 қорап парацетамол дәрісі, 12 дана пульсоксиметр табыс етілді.

Облыстық мешітте «Қайырымды жұма» деп аталатын игі шара да көпбалалы отбасы мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұяларға үлкен демеу болып отыр. Осы қайырымды іс жалғасын тауып, 97 отбасыға күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру