Қаз Рус Qaz قاز

Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кесте бір жылға бір айға

Кесте бір жылға бір айға

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

 
Update Required To play the media you will need to either update your browser to a recent version or update your Flash plugin.

Қазір 05:20:54

24 Қазан 2026

13 Жұмадәл әууәл 1448 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Қаз Рус Qaz قاز
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
  • Пәтуалар
  • Сұрақ-жауап
  • Дәрістер
  • Жұма мінбері
  • Діни сенім
  • ҚМДБ
    • ҚМДБ
    • Бөлімдер
    • Облыс Бас имамдары
    • Ғұламалар кеңесі
    • РАНТ
    • Интерактивті карта
    • Оқу орындар
  • Барлығы
    • ҚМДБ зекет қоры
    • Аудио
    • Бейне
    • Суреттер
    • Кітапхана
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Жамбыл: Алғыс айту күнінде Күләш Ахметовамен жүздесті

Жамбыл: Алғыс айту күнінде Күләш Ахметовамен жүздесті

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 01.03.2021 3106 0 пікір
– | A | +
Жамбыл: Алғыс айту күнінде Күләш Ахметовамен жүздесті

Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық Әйел-қыздар секторы мен Жастар ісі секторының жауапты мамандары, сондай-ақ әжелер алқасының төрайымы Жәмилә Жұмабаева, «Бегалы ата» мешітінің имамы Бекболат Мыңбаев отты өлеңдерімен талайлардың жүрегін жаулаған нәзік ақын, журналист Күләш Ахметованың шаңырағына арнайы барды. 

Поэзиясымен оқырманның көңіліне көктем орнатқан ақынға осы гүл көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күнінің қарсаңында сыйлық алып, алғыс айта барған жастарға қалам иесі де өз разышылығын білдіріп: «Маған көптеген зиялы қауым өкілдері, неше түрлі кісілер кездесуге келді, алайда осындай жүрегінде Алласы бар жамағаттың жиналып келуі бірінші рет» - деді ағынан жарылып.

Жастар ісі секторының жетекшісі Нұрсұлтан Маметбай дастархан басында Құран оқып Алланың кәләмімен жүректерді тербетсе, ақынның жолдасы, ақын, жазушы Қайырбек Асанов айтулы мерекеге арнап шығарған «Мың алғыс» атты өлең шумақтарын оқыды.

Қос әдеби тұлғаның жеке кабинетін, кітапханасын аралаған көпшілік жаңа басылым көрген шығармаларымен танысты. Күләш Ахметова Әжелер алқасының төрайымы Жәмилә Жұмабаевға бір-екі кітабын сыйға тартты. 

 Әдемі отырыс, әсерлі жүздесу соңында қара өлеңнің қос қанаты жастарға рақметін айтып, баталарын берді.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Атырау: 50 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

23.10.2026 236
Атырау: 50 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

Атырауда дін қызметкерлері марапатталды

23.10.2026 300
Атырауда дін қызметкерлері марапатталды

Атырауда мереке қарсаңында құран хатым оқылды

23.10.2026 177
Атырауда мереке қарсаңында құран хатым оқылды

Маңғыстауда қарияларға қайырымдылық көмек көрсетілді

23.10.2026 349
Маңғыстауда қарияларға қайырымдылық көмек көрсетілді

Маңғыстау: Бас имам балалар үйіне барды

23.10.2026 247
Маңғыстау: Бас имам балалар үйіне барды

Қостанай: Мешіт аулалары тазартылды

23.10.2026 395
Қостанай: Мешіт аулалары тазартылды


Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

www.muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

Байланыс

+7 7172 999 866

+7 7172 999 865

info@muftyat.kz

Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3