Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды облысы имамдары білімдерін жетілдірді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 28.02.2021 2387 0 пікір
Қарағанды облысы имамдары білімдерін жетілдірді

«Ислам – тал бесіктен жер бесікке дейін ілім алуға үндейтін білім діні. Дін жолы – қиын да ауыр жол. Асыл дініміздің құндылықтармен сусындап, білім жолында ізденіске түскен Қарағанды облысының дін қызмектерлері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Республикалық имамдарының білімін жетілдіру ислам институтының бір айлық оқуын тәмамдады.

Институт қабырғасында тәлім беріп жүрген ғылым докторлары, кандидаттар мен жоғарғы білімді ұстаздардан «Құран Кәрім», «Фиқһ», «Ақида», «Ихтиляфи мәселелер», «Мәзһабтар тарихы» пәндері бойынша онлайн дәріс алған имамдарға мемлекеттік үлгідегі диплом берілді.

Атап айтқанда, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша наиб имамы Нұржігіт Оразалыұлына, Ерқанат Аманжоловқа, Жасұлан Манатұлы мен Орман Оралханұлына ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы Республикалық имамдарының білімін жетілдіру ислам институтының арнайы дипломын табыстады.

Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінің бірінде: «Кімде-кім білім іздену жолына түссе, онда Алла оған жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді» деген. Облыс бас имамы білімдерін жетілдірген имамдардың алдағы дін жолындағы қызметтеріне бақ, береке тілеп, батасын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру