Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Шейх Кунта қажы» мешітіндегі қайырымдылық

Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі muslim.kz 27.02.2021 487 0 пікір
«Шейх Кунта қажы» мешітіндегі қайырымдылық

Елордадағы «Шейх Кунта қажы» мешітінде 485 мұқтаж жанұяға азық-түлік сөмкелері таратылды.

Қайырымдылық шарасы «Шейх Кунта қажы» мешіті мен Елордадағы «Вайнах» шешен-ингуш қауымдастығы «Мял» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Шара барысында жамағатпен арнайы дұға жасалып, өткендердің атына Құран бағышталды. «Шейх Кунта қажы» мешітінің Бас имамы Ибраһим Келдібайұлы қайырымдылыққа демеушілік жасаған «Вайнах» шешен-ингуш қауымдастығының өкілдеріне ризашылығын айтып, ізгі тілегін білдірді.

Айта кетсек, аталмыш шара еліміздегі 1 наурыз – «Алғыс айту күніне» орай ұйымдастырылып отыр. Сонау 1944 жылы Қазақстанға депортацияланған ингуш-шешен халқы қиын-қыстау сәтте демеп, көмек қолын созған қазақ халқына дән риза екендіктерін айтады.

«Біз бауырлас қазақ еліне, әрдайым алғысымызды айтамыз. Алла Талаға бірлік-ынтымағымызды арттыра берсін! Елге амандық, жұртқа тыныштық беріп, күллі мұсылман жұртшылығының ауызбіршлігін нәсіп етсін!», деді «Вайнах» шешен-ингуш қауымдастығының мүшесі, Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты Юсуп Келигов.

No photo description available.

May be an image of 1 адам, standing және ғимарат ішінде

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі