Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Түзету мекемесіндегі кездесу

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі 25.02.2021 1862 0 пікір
Павлодар: Түзету мекемесіндегі кездесу

«Мәшһүр Жүсіп» мешіті Павлодар облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментімен бірлесіп кездесу ұйымдастырды.

Шараға облыстың бас имамы Ж.Бертымұратов, облыстық дін істері басқармасының басшысы Д.Закариянов, конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау орталығының директоры Г.Рыздықова және облыстық қылмыстық атқару жүйесінің басшылары, түзету мекемелеріне жауапты имамдар мен дінтанушылар қатысты. Кездесуде түзету мекемелерінде сотталған жат ағым өкілдерімен 2021 жылы бірлесіп атқаратын жұмыс жоспары талқыланды.

ҚМДБ Павлодар облыстық өкілдігі мен облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті арасында меморандумға қол қою, дін қызметкерлері дұрыстап түсіндіру үшін радикалды сотталушырға слайд, видео т.б онлайн форматта түсіндірме жүргізуге мүмкіндік берілу, түзету мекемесінде діни және ұлттық мереке күндері қызықты шаралар ұйымдастыру, әр мекемеде аптасына бір рет тікелей эфир ұйымастыру арқылы сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік жасау секілді ұсыныстар айтылып, келісілді. Сонымен қатар түзету мекемесінің кітапханасына ҚМДБ сараптамасынан өткен жаңадан шыққан діни әдебиеттер берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру