Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Бас имам Өзбекстанның бас консулымен кездесті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 25.02.2021 2142 0 пікір
Маңғыстау: Бас имам Өзбекстанның бас консулымен кездесті

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Өзбекстан Республикасының Ақтаудағы бас консулы Нодиржон Тургуновпен кездесті.

Кездесу барысында бас имам Әнуар Ізімбайұлы ҚМДБ-ның Маңғыстау өкілдігінің жұмыстары, игілікті іс-шаралары жайлы баяндай отырып:

«Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жеті бағыт бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Соның ішінде, Ихсан іліміне ерекше көңіл бөлініп, аталмыш рухани тәрбие жолының жаңғырту бағытында еліміз бойынша көптеген игі шаралар жүзеге асып жатыр. Маңғаз Маңғыстау өңірі де осы жобаға өз үлесін қосуда. Бүгінгі күні, біздің имамдарымыз өз уағыздарында бауырмалдық, ағайындық ұстанымдарға, сондай-ақ ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімнің маңыздылығына көп көңіл бөлуде» деп айтты.

Өз кезегінде сөз алған Нодиржон Тургунов Өзбекстандағы діни білім ордаларында жергілікті дін қызметкерлерінің біліктілігін көтеру, өзара тәжірибе алмасу мәселелерін ортаға салды.

Сондай-ақ, әңгіме барысында екі елде орналасқан киелі орындарға зиярат мәселесі қарастырылып, ҚМДБ-ға қарасты «Тауаф» фирмасы өкілдерінің жуырда орын алған Өзбекстан еліне сапары тілге тиек етілді.

Екі тарап кездесу соңында естелік суреттерге түсіп, өзара сыйлықтар тарту етті. Бас консул Әнуар Ізімбайұлына өзбек халқының біртуар ақыны, ойшылы Әлішер Науаидің қазақ тілінде жарық көрген таңдамалы шығармалары жинақталған кітабын сыйға берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру