Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: «Maki-Maki» фаст-фуд өнімдері сертификатталды

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 23.02.2021 2304 0 пікір
Қарағанды: «Maki-Maki» фаст-фуд өнімдері сертификатталды

Қарағанды шаһары тағы бір халал сертификатын иеленген мекемемен толықты. Қаладағы «Maki-Maki» фаст-фуд өнімдері жетекшісіне «Халал Дамудың» Қарағанды облысындағы жауапты өкілі Ысқақ Абдрахманов арнайы сертификат табыстады. 

Мекеме «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарына сай деп танылды. Сертификаттаудан өткізу барысында «Maki-Maki» дәмханасында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, өнімдер толықтай зертханалық тексерістен өткізілді.

Айта кетейік, «Maki-Maki» фаст-фуд өнімдерінің Hұр-Сұлтан, Шымкент,  Ақтөбе, Атырау, Талдықорған, Тараз, Қаскелең, Талғар қалаларындағы нүктелері де ҚМДБ-ның халал сертификатын иеленген болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру