Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: Әжелер алқасы құрылды

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі 28.01.2021 2464 0 пікір
Тараз: Әжелер алқасы құрылды

Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінде Әжелер алқасы құрылды.

«Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Жібек Болатбекқызының ұйымдастыруымен Әжелер алқасының мәжілісі өтті. Жиын барысында көпті көрген әжелеріміз басынан өткен жағдайларды айтты. Келін мен ене, жас отбасыларға қатысты мәселелерді қозғады. Әжелер алқасының төрайымы  Жәмиля Жұмабаева апаларға ұйымның құрылу мақсатын толық түсіндірді.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Алдасаева қазіргі таңда ажырасу статистикасының жоғарылағанын, оның себебі дұрыс тәрбие бере алмауымызда екенін айтып өтті. Ақ жаулықтылар бата беріп, жиынды аяқтады.

Айта кетейік, жастарға үлгі-өнеге беру мақсатында құрылған Әжелер алқасында 13 ақжаулықты әже бар.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру