Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Үйі өртенген анаға қуаныш сыйлады

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 28.01.2021 2029 0 пікір
Қызылорда: Үйі өртенген анаға қуаныш сыйлады

ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында баспанасы өртке оранып, үйсіз қалған Орынкүл апаның үйі қалпына келтірілді.

Қыс қаһарына мінген шақта тілсіз жаудың кесірінен бір күнде жылы панасынан айырылған кейуана отбасымен бір апта ызғарлы үйде түнеп келген. Мұны естіген ҚМДБ «Зекет» қорының Қызылорда облысы бойынша өкілдігі жалғызбасты анаға көмекке келіп, қиындыққа душар болған жанға демеу болды.

Өкілдіктің ұйытқы болуымен мешіт жамағатынан құралған ерікті азаматтар небәрі 10 күн ішінде шатырын жабу, жаңадан есік терезелер орнату, еденін жүргізу, іші-сыртын сылау секілді жөндеу жұмыстарын қарқынды жүргізіп, үй иелеріне қуаныш сыйлады.

Қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталған соң, Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Орынкүл апаны құттықтау үшін арнайы үйіне барып, кілем тарту етті. Қуаныш иесі қиналған сәтте қасынан табылған дін қызметкерлері мен жанашыр жамағатқа ризашылық білдіріп, ақ батасын жаудырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру