Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Тегін такси акциясы өтті

mazhab.kz 27.01.2021 2333 0 пікір
Павлодар: Тегін такси акциясы өтті

Павлодар облысы Шарбақты ауданына қарасты ауылдарда «Қайырымды ауыл» тегін такси акциясы ұйымдастырылды. 

Галкин ауылының «Қалтай ата» мешіті, Арбиген ауылының «Шәмшия ана» мешіті көршілес ауылдар арасына бір күндік қайырымдылық шарасын өткізді. Ауыл тұрғындарымен бірлескен бұл шара өте нәтижелі болып, ауыл халқына күнұзақ қызмет жасады.

Сонымен қатар, басқа ауылдарға, бекеттерге, басқа да түрлі бағытқа бет алған тұрғындарды барар жеріне жеткізіп, ауылдың береке-бірлігін тағы бір байқатты. Ауыл имамдарының ұйытқы болуымен жасалған бұл шараға ақсақал аталар мен ақжаулықты әжелер, көпбалалы аналар дән ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Галкин ауылының имамы Қуандық Мұқатал көлік жүргізушілеріне дұға жасап, игі бастамаға қосылғаны үшін алғыс білдірсе, Арбиген ауылының имамы Жантас Әбдіхалықов ауылға тұрғындарын мұндай шарадан тыс қалмай, үнемі атсалысуға шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру